KazAgro/KazFarm ‘2018
KazAgro’2018
Қазақстандық халыкаралық ауыл шаруашылығы мен азық түлік өнеркәсібінің көрмесі
KazFarm ’2018
Қазақстандық халықаралық мал шаруашылығы мен етөсүт өнеркәсібінің көрмесі.
Астана қаласы, «Көрме» КО, 2018 жылдың 24 — 26 қазан аралығында
http://kazagroexpo.kz/index.php/kz
http://kazfarm.kz
Күзде Қазақстанның астанасы әлемдік көшбасшы аграршылардың кездесу орнына айналады. 22 елден келген 1000 астам делегаттар тәжірибе бөлісу және ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін астаналық көрме орталығында жиналады.
«ExpoGroup» Халықаралық көрме компанияcы Сіздерді ірі мамандандырылған KazAgro/KazFarm’2017 көрмелеріне шақырады.
«KazAgro/KazFarm» Қазақстандық Халықаралық көрмелері қысқа мерзім ішінде Республиканың кәсіби фермерлері үшін инновациялық және ақпараттық бизнес-алаңына айналып, АӨК өндірушілері мен тұтынушылары арасындағы қарқынды үнқатысуға ықпал етті, бұл болса көрмелердің форматын b2с (business to consumer) қамтамасыз етеді, сондай-ақ жасалған тұрақты іскерлік байланыстарды нығайтуға және жаңаларын жасауға көмектеседі, бұл да өз кезегінде көрменің форматынан b2b (business to business) өз көрінісін тапты.
Заманауи технологияларды өндіріске енгізу жолымен қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарға отандық тауарларды, қызметтерді шығару көрмелердің негізгі мақсаты болып табылады.
Ұйымдастырушылар көрмелердің қатысушылары және келушілері үшін қазақстандық және шетелдік жетекші тауар өндірушілердің соңғы зерттемелерімен таныстырудың бірегей мүмкіндігін ұсынды, атап айтқанда: мал шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының техникалары және жабдықтары, малды және құсты бағып-күтудің жүйелері, сондай-ақ тұқымдық жұмыстағы инновациялары, ветеринария және азықтандыру.
Көрмелердің іскерлік бағдарламасы отандық және шетелдік компаниялар арасында тұсаускерсерлерді өткізуден меморандумдарға қол қоюға дейінгі іс-шараларды көздейді.
Көрменің бас демеушісі – РОСТСЕЛЬМАШ
Көрмелерді ресми қолдағандар:
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі
- Германия Федеративтік Республикасының Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушыларды қорғау министрлігі (BMEL)
- Астана қаласының Әкімдігі
- «КАЗАГРО» «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
- VDMA (Неміс машина жасаушылары одағы)
KazAgro/KazFarm-2013 көрмелерінің сурет галереясы
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ: